АСТАНА, 12 шілде — Sputnik. Хорватия футбол құрамасы Ресейдегі әлем чемпионатының қосымша берілген уақытында Англия командасын ұтып, финалға шықты, деп хабарлайды РИА Новости.
Мәскеудегі "Лужники" стадионындағы матч 2:1 есебімен аяқталды. Ағылшындардан Киран Триппьердің 5-минуттағы голына хорваттар Иван Перишичтің қақпаға дөп соққан добымен жауап берді. Ал қосымша берілген уақыттың 109-минутында Марио Манджукич командасына жеңіс голын сыйлаған.
Финалда 15 шілде күні Хорватия құрамасы "Лужники" стадионында Франция командасымен әлем кубогына таласады. Бір күн бұрын Санкт-Петербургте Англия және Бельгия құрамалары 3-орын үшін ойнайды.
Хорватия құрамасы тарихта алғаш рет әлем біріншілігінің финалына шығып отыр.
Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты туралы барлық мәліметті Sputnik материалдарынан оқыңыз