АСТАНА, 11 шілде — Sputnik. Қазақстанның төрт облысында аптап ыстық пен қатты желге байланысты дабылды ескерту жарияланды.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 12-13 шілде күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-батыстан, солтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, шаңды дауыл тұрады.
12 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанып отыр.
12 шілде күні күндіз Атырау облысының кей жерлерінде 41 градус аптап ыстық болады.
12 шілде күні күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде 41°С қатты ыстық сақталады.