Өңірлер

Шілде айында ауа райы қандай болады?

© Sputnik / Анатолий УстиненкоЖаз
Жаз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың батысында бүкіл ай бойы күн ыстық болмақ

АСТАНА, 29 маусым — Sputnik. "Қазгидромет" шілде айына ауа райы болжамын жасады.

ауа райы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның батысында ай басында ауа райы қапырық әрі ыстық болады (+35… +43°С). Ал қалған өңірлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреп, жел ұйытқиды.

Келесі аптаның ортасында еліміздің батысында жаңа әрі ылғалды ауа массасы келіп, аптап сәл басылады. Ауа температурасы солтүстік өңірлерде +28…+35°С, оңтүстік өңірлерде +35…+43°С болады.

Айдың екінші он күндігі басталғанда солтүстік өңірлерге белсенді циклон әсер етіп, күн суытады әрі жаңбырлы болады. Айдың екінші жартысында еліміздің батысында ауа райы қапырық болмақ, шығыста күн суық әрі жаңбырлы болады.

Шілдеде  Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Қостанай облыстарында орташа ауа температурасы нормадан 1-2°С жоғары болады. Еліміздің қалған бөлігінде қалыптан ауытқымайды.

Айлық жауын-шашын көлемі Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда және Түркістан облыстарында нормадан төмен болса, қалған аймақтарда – қалыпты деңгейде.

Бұл ауа райы болжамына синоптикалық ахуал өзгеруіне байланысты түзетулер енгізілуі мүмкін.

Жаңалықтар
0