Өңірлер

"Қызымның жан дауысы шықты". Түркістанда болған оқиға жұрттың үрейін ұшырды

Түркістанда тоқ тартатын көп қабатты үй адамдардың өмірін жалмап жатыр
Sputnik

АСТАНА. 11 шілде — Sputnik. Түркістанда тоқ тартатын көп қабатты үй бар. Мемлекеттік бағдарлама арқылы берілген бес қабатты үйде тұрғындар қорқынышпен өмір сүруде. Сорақысы сол, жақында бұл үйдегі пәтерлердің бірінде 15 жастағы жеткіншек тоқ ұрып қайтыс болды. 

Жұмбақ жағдайда қаза болған жасөспірімнің туыстары мемлекеттен берілген баспананың перзентінің өліміне себепкер болғанына наразы. 

15 жастағы Арайлым ас үйді тазалап жүріп, мерт болды. Бір қызығы жеткіншек электр сымдары тартылмаған жерде тоқ ұрып, қаза болған. Жұмбақ жағдайда жан тапсырған перзентінің өлімінен кейін ата-анасы есін жия алмай жүр.

Ақтөбеде ҰБТ қарсаңында "Алтын белгі" иегері мектеп түлегін өлтірді

"Бір қолында шүберек болған. Сол шүберекпен жоғарыдағы құбырды сүртпек болыпты. Сүртіп жатып, құбырға жабысып қалған. Осы кезде қызымның қасында келінім болған. Келінім қатты дауысы шыққан қызымды тартып алмақшы болғанда оны да тоқ ұрған. Кейін қызымды төбеден жерге түсірген", — деп хабарлады марқұмның әкесі Бауыржан Нәлібаев "Отырар" арнасына.

Тоқ ұрған жеткіншектің туыстары алғашқыда қыздарының өліміне сенбепті. Тіпті олар 15 жастағы Арайлымның денесін көтеріп, далаға шығарып, қайта тіріліп кете ме деген үмітпен топыраққа көмген. 

"Негізі пендеміз ғой, тоқ ұрған адамды жерге көмсе, жер тоқты өзі тартып алып кетеді деген үмтте болдық. Бір күн бойы күттік. Мерт болғанына толық көзіміз жеткен соң, ертесіне тергеушіні шақырып денесін мәйітханаға тапсырдық", — дейді әкесі.

40 жастағы ер адам анасының жерлеу рәсімінде құлап өлді – видео

Көп қабатты үйде тұратын тұрғындардың айтуынша, бұл алғашқы қайғылы жағдай емес. Осы үйдегі бірнеше тұрғынды тоқ ұрып, мерт бола жаздапты. Өмірлері үшін биліктен араша сұраған тұрғындар, нәтиже шықпағанын айтып шарқ ұрды. Былтыр ғана баспанаға қол жеткізгендер үйлерін тастап кетейін десе, баратын жерлері жоқ, оған жылдар бойы төлейтін несиелерін тағы қосыңыз.

"Талап ететінбіз, бізге қауіпсіз жағдай жасап берсін. Бір күні тағы біреуіміз кетіп қалармыз. Бұл жақсы емес. Оларға не тұрады? Біз соны талап етеміз", — деп шағымданды Түркістан қаласының тұрғыны Гүлзада Мырзабекова.

Жантүршігерлік апаттан 4 түлек көз жұмды, арасында топ-менеджердің қызы бар

Бұл талаптарын үйді тұрғызған мердігер "Атаев" ЖШС-нің басшысына төтесінен қойған. Олар қандай да бір нәтиже шығарудың орнына жауаптан жалтарған. Ол аздай, қайғыдан қан жұтқан отбасыға көңіл де айтпаған.

Тұрғындардың бұл күдігі бекер емес. 15 жасар Арайлымның электр жарақатынан қайтыс болғанын дәрігерлер растап берген. Дегенмен оқиға орнында тексеру жұмыстарын жүргізген мамандар көп қабатты үйдегі электр жүйесінен ақау таппапты.

"Әлем миссисі" Сәния Шәкірова зираттың жанында жол апатынан қаза болды 

Жұмбақ жағдайда қаза тапқан жеткіншектің ісі бойынша ІІД тексеру жұмыстарын жүргізуде. Құзырлылардың тексерісінен кейін бұл оқиғаның нақты мән жайы белгілі болмақ. Ал айдың күннің аманында перзентінен айырылып қалған отбасы тексеру жұмыстарының ашық жүргізілуін талап етіп отыр. Марқұм жеткіншектің отбасына қалалық әкімдік тарапынан материалдық көмек берілетін болыпты.