Өңірлер

Қостанай облысында сегіз жасар қызға жай түсті

Ауыр жарақат алған кішкентай қыз оқиға орнында көз жұмды
Sputnik

ҚОСТАНАЙ, 11 шілде — Sputnik. Қостанай облысында сегіз жасар қызға жай түсіп, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Шығыс Қазақстанда малшыға найзағай түсті

Alau.kz басылымына сілтеме жасап Sputnik хабарлағандай, оқиға 10 шілдеде Рыспай ауылында болған. Найзағай ойнап тұрғанда қыз бала дүкеннен үйіне қайтып келе жатыпты.

2010 жылы туған баланың өлімі туралы ақпаратты облыстық ТЖД растады. 

Бұдан бұрын Қазгидромет күн күркіреуіне байланысты дабылды ескерту жасаған болатын.

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Атап өтсек, статистика бойынша, әлемде жыл сайын 6000-нан 24 мың адамға дейін жай түсіп қаза табады.