АСТАНА, 27 мамыр — Sputnik. Шығыс Қазақстанда найзағай түскен малшы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды altaynews.kz.
Оқиға кеше күндіз Бородулиха ауданындағы Зенковка ауылында болды. 48 жастағы ер адам мал жайып жүргенде ауа райы күрт бұзылған.
Жарқ еткен найзағайдан ер адамның сол жақ аяғы мен мойнына жай түсіп, күйіп қалды. Қазір зардап шеккен малшы аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.