АСТАНА, 10 шілде – Sputnik. Ресейлік ғалымдар ойлап тапқан жаңа азық-түлік өнімдерінде онкологиялық аурулардың алдын алуға септігін тигізетін қоспалар бар.
Ресейлік ғалымдар гормонға тәуелді ісіктердің алдын алу үшін мюсли батончигін, сұлы печеньесі мен жылдам дайындалатын ботқа ойлап тапты.
Өнімдердің құрамында биологиялық белсенді нутриенттер – антиоксидант қызметін атқаратын және қатерлі ісік тәуекелін төмендететін биойод, селен және ликопин бар, деп жазады iz.ru.
Ракқа қарсы төтеп беретін өнімдердің авторы – ақпараттық технологиялар, механика және оптика университетінің ғалымдары.
Ғалымдар қандай ыдыстың рак тудыратынын анықтады
Азық-түлік құрамындағы қоспалар нақты бір органның, атап айтқанда өкпе, сүт безі, тоқ ішек, асқазан ісігінің алдын алуға бағытталған.
Ғалымдардың айтуынша, қазір нарықта онкологиялық аурулардың алдын алатын функционалды азық-түлік өнімдері жоқтың қасы. Ал бұл жоба адамдарға дәріден тағамға көшуге мүмкіндік береді.
Қазір АТМО университетінің мамандары тиісті сертификат алу үшін клиникаға дейінгі сынаққа дайындалып жатыр. Кейін өнімдерді патенттеуді жоспарлап отыр.