Өңірлер

Өскеменде бірден байып кетпек болған алаңғасар әйел оңбай алданды

Ол әлеуметтік желідегі спорт сайыстарына болжам жасалады деген хабарландыруға сеніп қалған
Sputnik

АСТАНА, 10 шілде — Sputnik. Өскемен қаласының тұрғыны алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлады Алтайньюс.

Павлодарлық жігіт "сүйіктісіне" үйлену тойына кредит алғызып, қашып кеткен

Алаңғасар әйел әлеуметтік желіден спорт сайыстарына жасалған болжамдар сатылады деген хабарландыру тауып алған көрінеді. Енді ол әлдебір "айтқаны айдай келетін маманның" сөзіне сенемін деп, сан соғып отыр.

"Жапа шегуші хабарландыру берген алаяқтарға терминал арқылы 145 мың теңге аударған. Қазір полиция алаяқтыққа қатысты іс қозғап, жедел іздестіру шараларын жүргізу үстінде",-деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Құқық қорғаушылар ШҚО тұрғындарын әлеуметтік желілердегі хабарландыруларға қырағы болуға шақырып отыр.