Қоғам

"Томирис" фильмінің продюсері неліктен жоғалып кеткенін қызы айтып берді

Саяжайға барар жолда Анна Чакиртованың денсаулығы мүлде нашарлап кеткен. Телефонын үйде ұмытып қалдырғанын әкелген көлікті кері қайтарғаннан кейін бір-ақ білген
Sputnik

АСТАНА, 7 шілде – Sputnik. "Томирис" фильмінің продюсері Анна Чакиртованың қызы Камилла Нұғманова Instagram-да анасының жоғалып кетуіне қатысты мән-жайды түсіндірді.  

 Камилла Нұғманова ішкі істер органдарының қызметкерлері мен желідегі оқырмандарына алғыс білдірді. Ол анасы қандай жағдайда жоғалып кеткенін әңгімелеп берді.

"Томирис" фильмінің продюсері табылды: Анна Чакиртова қайда болды?

"2018 жылдың 2 шілдесінде басы ауырған соң дәрі-дәрмек алуға дәріханаға кірген, телефонын үйде ұмытып кетіпті. Жол-жөнекей көлікке мініп, ескі отбасылық саяжайда таңға дейін дем алып, таңертең жұмысқа бару үшін жүргізуші шақырмақшы болған. Жолда жағдайы мүлде нашарлап кеткен. Саяжайға келіп, жеткізген көлікті кері қайтарғаннан кейін телефоны жоқ екенін білген. Дәрі-дәрмек ішіп, осы уақыт ішінде есі кіресілі-шығалысы күйде болған", — деп жазды Чакиртованың қызы.  

Ол Аннаның денсаулығын дәрігерлер тәулік бойы қадағалап отырғанын атап өтті, ол Алматының клиникаларының бірінде жатыр.   

"Оған қазір демалыс керек. Әзірге мазасын алмауларыңызды сұраймын. Іздеуге күш салып, сенім білдіріп, дұға жасағандарыңыз үшін барлығыңызға рахмет! Сіздердің арқаларыңызда ол біздің жанымызда", — деп түйіндеді Камилла.

Ақтөбеде ҰБТ қарсаңында "Алтын белгі" иегері мектеп түлегін өлтірді>>  

Анна Чакиртова үйден 2 шілде күні кешкі сағат 21:20-да шығып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген. Күйеуінің айтуынша, бұрын мұндай жағдай болмаған. 

Жоғалып кеткен 7 жасар қыз тоңазытқыштың ішінен өлі табылды>>