Өңірлер

"Томирис" фильмінің продюсері табылды: Анна Чакиртова қайда болды?

© Photo : Серикжан КовланбаевАнна Чакиртова
Анна Чакиртова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Анна Чакиртова осы уақыт бойы саяжайда болған, туыстарымен қауышты

АСТАНА, 6 шілде — Sputnik. Алматыда жоғалып кеткен "Томирис" фильмінің продюсері Анна Чакиртованы полиция саяжайдан тапты, деп хабарлады жұбайы Sputnik агенттігіне.

Қолшатыр ұстаған әйел, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алматыда "Томирис" фильмінің продюсері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Оның не себепті саяжайға кеткенін және неге бірнеше күн бойы хабарласпағанын туыстары әзірше түсіндірген жоқ.

"Саяжайға кетіп қалыпты, ал телефоны үйде қуаттағышта қалған. Айтарлықтай ештеңе болған жоқ. Басы ауырып, қиналған екен. Барып, алып кеттік. Қазір ауруханадамыз. Бәріміз қасындамыз", — деді продюсердің күйеуі Мұрат Нұғманов.

Оның айтуынша, әйел адам туыстары мен полицейлердің көмегінің арқасында табылған.

Қазір продюсер дәрігерлердің бақылауында ауруханада екен. Жағдайы бір қалыпты.

"Томирис" продюсерін іздеу: соңғы хабарласқан нөмір күдік туғызды

Алматы ІІД Sputnik агенттігіне түсіндіргендей, әйел адамды тапқан бойда  "біреуге түсіретін шағымыңыз бар ма?" деген сұраққа ол: "Жоқ", —деп жауап берген.

 

Жаңалықтар
0