Өңірлер

Алматыда сегіз көшеге біржақты көлік қозғалысы енгізіледі

Тамыз айынан бастап оңтүстік астананың сегіз көшесі біржақты болады
Sputnik

АЛМАТЫ, 5 шілде — Sputnik. Алматыда 5 тамыздан бастап бірнеше көшеде біржақты көлік қозғалысы енгізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шығыс бағытта:

  • Гоголь көшесі бойымен Әуезов көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін 
  • Бөгенбай батыр көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Масанчи көшесіне дейін
  • Жамбыл көшесі бойымен Розыбакиев көшесінен Масанчи көшесіне дейін

Батыс бағытта:

  • Мақатаев көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Мұканов көшесіне дейін 
  • Қарасай батыр көшесі бойымен Масанчи көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін

Оңтүстік бағытта:

  • Мұратбаев көшесі бойымен Райымбек даңғылынан Шевченко көшесіне дейін

Солтүстік бағытта:

  • Шәріпов көшесі бойымен Абай даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін

әкімдігінің айтуынша, аталмыш шара кереғар нүктелерді 50% азайтуға, апатты жағдайларды қысқартуға, негізгі магистраль көшелерде көлік жүктемесін төмендетуге ықпал етеді. 

Көрсетілген учаскелерде орташа жылдамдықты 12 км/сағатқа арттыру жолға кететін уақытты орташа 17%-ға қысқартып, өткізу қабілетін жақсартады.

Астананың көлік жүргізушілерін тәртіпке шақырған кім?

Алматыда үш жаңа жолайрық салынады