АЛМАТЫ, 5 шілде — Sputnik. Алматыда 5 тамыздан бастап бірнеше көшеде біржақты көлік қозғалысы енгізіледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Шығыс бағытта:
- Гоголь көшесі бойымен Әуезов көшесінен Қалдаяқов көшесіне дейін
- Бөгенбай батыр көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Масанчи көшесіне дейін
- Жамбыл көшесі бойымен Розыбакиев көшесінен Масанчи көшесіне дейін
Батыс бағытта:
- Мақатаев көшесі бойымен Қалдаяқов көшесінен Мұканов көшесіне дейін
- Қарасай батыр көшесі бойымен Масанчи көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін
Оңтүстік бағытта:
- Мұратбаев көшесі бойымен Райымбек даңғылынан Шевченко көшесіне дейін
Солтүстік бағытта:
- Шәріпов көшесі бойымен Абай даңғылынан Мақатаев көшесіне дейін
Алматы әкімдігінің айтуынша, аталмыш шара кереғар нүктелерді 50% азайтуға, апатты жағдайларды қысқартуға, негізгі магистраль көшелерде көлік жүктемесін төмендетуге ықпал етеді.
Көрсетілген учаскелерде орташа жылдамдықты 12 км/сағатқа арттыру жолға кететін уақытты орташа 17%-ға қысқартып, өткізу қабілетін жақсартады.