Астана, 4 шілде — Sputnik. Алдағы мереке және демалыс күндеріне ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik.
Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарына батыс өңірлерден антициклон жылжып, күн ысиды. Сондықтан алдағы демалыс күндері солтүстік, орталық, оңтүстік және шығыс облыстарда ауа райы ыстық әрі жауын-шашынсыз болмақ. Солтүстік және шығыс облыстарда ең жоғары ауа температурасы плюс 30…38°С, орталық және орталық-шығыс облыстарда кей жерлерде плюс 40…43°С дейін жоғарылайды.
Ал батыс облыстарға атмосфералық фронттар ығысып, салдарынан кей жерлерде найзағай ойнайды және қатты жел соғып, өткінші жаңбыр жауады, сондай-ақ күндіз аптап 30…36°С-қа дейін бәсеңдейді, бірақ Маңғыстау облысында 40-градустық ыстық әлі сақталады.