Спорт

"Канело" Головкинмен екінші жекпе-жек алдында жарақат алып қалғанын айтты

"Канело" — GGG рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді
Sputnik

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Мексикалық боксшы Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) баспасөз конференциясында қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-0-1, 34 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлады Sports.kz.

Головкин тағы да Альварестің алдында "кішіреюге" дайын екенін айтты

"Мен не істеу керек екенін білемін. Екінші жекпе-жек алғашқысына қарағанда едәуір жақсы болады. Біз бір-бірімізді білеміз, не істеу керек екенін де білеміз", — деді Альварес.

Сондай-ақ журналистер мексикалықтан таяуда тізесіне жасалған ота жайлы, оның дайындыққа және жекпе-жектің өзіне қалай әсер ететіні туралы сұрады.  

"Тізе дейсіз бе? Ол маған жекпе-жек кезінде ешқандай кедергі келтірмейді. Тіпті солай болған күннің өзінде, менің "Б жоспарым" бар, оны ешкімге айтпаймын", — деді Альварес.

"Канело" — GGG рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтеді.