Өңірлер

Алматыда "Томирис" фильмінің продюсері жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Аннаның дәріханаға барғаны видеобақылау камерасына түсіп қалған
Sputnik

АСТАНА, 4 шілде — Sputnik. Алматыда "Томирис" фильмінің продюсері Анна Чакиртова үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. 

Астанада екі апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

Аннаның жоғалғаны туралы ақпаратты оның күйеуі мен қызы әлеуметтік желілерде жариялады. Айтуларынша, 2 шілде күні продюсер үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған. Бұл кешкі сағат тоғыздың шамасында болған, содан бері оны ешкім көрмеген. Аннаның дәріханаға барғаны видеобақылау камерасына түсіп қалған. Оның қайда екені туралы басқа мәлімет түскен жоқ.      

Анна Чакиртова 1976 жылы туған. Үйден қара көйлек киіп шыққан. Көзілдірік тағады. Шашы ұзын, сарғылт.
Пропавший продюсер фильма "Томирис" Анна Чакиртова