АСТАНА, 3 шілде — Sputnik. Астанада Есіл өзеніне батып бара жатқан баланы құтқарған жас жігітке іздеу салынды, деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігі ТЖ комитетінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, 3 шілде күні белгісіз ер адам Есіл өзеніне батып бара жатқан баланы құтқарған. Ер адам судан баланы шығара алмаған қыз бен жігіттің артынан Есілге секірген.
"Батырды Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті марапатқа ұсынады ", — деп жазылған хабарламада.
Құтқарушылар батыр туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден Астана қаласы ТЖ департаменті баспасөз қызметіне 55-96-60 телефоны бойынша хабарласуды сұрайды.