Оқиға

Ұлттық ұлан сарбаздары жанып жатқан көліктен бүлдіршінді құтқарды

CC0 / StockSnap / Қыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көшеде патрульде жүрген сарбаздар өртке оранған көліктегі кішкентай қызды көріп қалған

АСТАНА, 27 ақпан — Sputnik. Ұлттық ұлан сарбаздары Астанада жанып жатқан көліктен баланы құтқарды.

Оқиға дүйсенбі күні кешкі сағат сегізде болыпты. Алтынсарин көшесінде патрульде жүрген сарбаздар жасағы Volkswagen Passat көлігінің өртке оранғанын байқайды.

© Photo : пресс-служба НацгвардииӨртке оранған көлікте бүлдіршін қалып қойған
Өртке оранған көлікте бүлдіршін қалып қойған - Sputnik Қазақстан
1/2
Өртке оранған көлікте бүлдіршін қалып қойған
© Photo : пресс-служба Нацгвардии РККішкентай қызды өрттен құтқарып алған сарбаздар
Кішкентай қызды өрттен құтқарып алған сарбаздар - Sputnik Қазақстан
2/2
Кішкентай қызды өрттен құтқарып алған сарбаздар
1/2
Өртке оранған көлікте бүлдіршін қалып қойған
2/2
Кішкентай қызды өрттен құтқарып алған сарбаздар

"Көлік иесінің немересі іште қалып қойған екен. Сарбаздар тез арада қызды алып шығып, өрт сөндірушілер келгенше жалынды сөндірген", — деп мәлімет берді Ұлттық ұлан.

Жаңалықтар
0