Өңірлер

Көкшетауда үш жасар бала терезеден құлап кетті

Трагедия баланың анасы бөлмеден шығып кеткен кезде болған
Sputnik

АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Көкшетауда үш жасар бала тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik тілшісі құқық қорғау органдарына сілтеме жасап.

Астанада жас жігіт бесінші қабаттан құлап қаза тапты

Трагедия жексенбі күні, 1 шілдеде Көкшетаудағы көпқабатты үйде болған.   

"Бала 2015 жылы туған. Ол анасы бөлмеден шығып кеткен сәтте үшінші қабаттың терезесін ашып, құлап түскен. Бала Ақмола облыстық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізіліп, ота жасалды. Алайда дәрігерлер баланы аман алып қала алмады", — деді сұхбат беруші.

Көз жұмған баланың анасы Көкшетаудағы туыстарына Астанадан қонаққа келген екен.  

Түнгі клубқа туған күнін тойлауға барған әйелдің ажалы теледидардан болды>>