Қоғам

Назарбаев жаңадан ашылған балабақшаны аралап көрді

"Almaty balabaqshasy"балабақшасында музыка залы мен ойын алаңдары бар
Sputnik

АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан ашылған "Almaty balabaqshasy"балабақшасына барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Назарбаев бақыттың кілті неде екенін айтты

Мемлекет басшысы Астана қаласының сол жағалауында орналасқан 240 орындық жаңа балабақшаны аралап көрді. Бұл білім мекемесінде балалар шығармашылығын дамытып, олардың демалысын ұйымдастыру үшін музыка залы мен ойын алаңдары бар.

 "Almaty balabaqshasy" балабақшасы 12 топтан тұрады. Әрбір топтың Алматы қаласымен байланысты тақырыптық атаулары бар. Балабақша интерьерінің дизайны Алматының белгілі көшелерімен және даңғылдарымен танысуға, сондай-ақ қала тарихы жөнінде мағлұмат алуға мүмкіндік береді.