Қоғам

Назарбаев бақыттың кілті неде екенін айтты

© Официальный сайт Президента КазахстанаНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Британ университетінің зерттеуі бойынша, көпшілік үшін бақыттың кілті – отбасы мен балалары

АСТАНА, 2 шілде  – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бақыт деген не және оның өлшеуі неде деген сұрақтарға жауап берді.

Ақорданың Instagram желісіндегі ресми парақшасында президент сұхбатының үзіндісі жарияланған.

"Бақыт деген ұзақ болмайды. Бәрі бақытты мәңгілік деп санайды. Ал шындығында ол – қас қағым сәт. Бақыт дегеніміз немерелерім мен балаларымның жұп-жұмсақ қолдарымен мойынымнан құшақтағаны. Міне, бақыт деген осы", — деп ойымен бөліседі Елбасы.

Назарбаевтың айтуынша, Лондон университеттерінің бірі жүргізген сауалнамаға сәйкес 15 мың қатысушы бақыттың өлшемі – балалары мен отбасы деп жауап берген екен.

Назарбаев журналистермен қалай әзілдесті?>>

Жаңалықтар
0