АСТАНА, 2 шілде — Sputnik. Қостанайда "Toyota Camry" көлігінде отырған қыз жаяу жүргіншілер жүретін жолда екі баланы қағып кетті.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, бағдаршамның жасыл түсіне өтіп бара жатқан екі кішкентай қызды Toyota қағып кеткен. Көліктің рөлінде қыз отырған.
Қостанай облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 30 маусымда сағат 21:30 кезінде болған. Toyota Camry көлігінің 29 жастағы жүргізушісі Гоголь көшесінен Алтынсарин көшесіне бұрылған уақытта 11 және 14 жастағы екі бланы қағып кетеді.
Жол апатының салдарынан қыздар жеңіл жарақат алған.
Сараптама қорытындысы рөлде отырған қыздың ішімдік ішпегенін көрсетті.
Семейде ер адам бес жасар қызды мазасын алғаны үшін айуандықпен өлтірген>>
Әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексінің 610-бабы (Көлік жүргізушісінің адамның денсаулығына залал келтірген жол қозғалысы ережесін бұзуы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.
Бұл бапқа сәйкес ол 10 айлық есептік көрсеткіш (24 050 теңге) сомасында айыппұл төлеуі немесе 9 айға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін.
Жоғалып кеткен 7 жасар қыз тоңазытқыштың ішінен өлі табылды>>
Дәрігерлер Астанада эскалаторға қысылып қалған 2 жасар қыздың жағдайы туралы айтты>>