Өңірлер

Павлодарда құлаққап киген баланы пойыз қағып кетті

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев"ҚТЖ" пойызы
ҚТЖ пойызы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Темір жолдан өтіп бара жатқан 12 жастағы ұлды электр пойыз қаққан

АСТАНА, 19 наурыз — Sputnik.  "Павлодар – Астана" теміржолында электр пойыз 12 жастағы баланы қағып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz

Жеткіншек облыстық балалар ауруханасына түрлі жарақатпен жеткізілген.  

Пойыз бен көлік соқтығысты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодар облысында төрт адам мінген көлік пойыз астына түсті
Куәгерлердің айтуынша, ұл бала құлаққап киіп алып, жаяу жүргіншілер өтетін жолдың реттелмейтін  тұсынан, Хромзауыт ауданындағы соңғы аялдаманың жанында өтіп бара жатқан.  Сол сәтте бұрылыстан "Павлодар – Астана" бағытындағы электр пойыз шыға келген. Соққы салдарынан бала шетке құлап түскен, жолдардың арасына түскен. Абырой болғанда, тірі қалған. 

"Ол жедел жәрдем арқылы  17 наурыз күні біздің ауруханаға сағат 15.30-да жеткізілді", — дейді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Орсагош. – Жасөспірімнің миы жарақаттанып, алақан және бет сүйектері сынған. Қазіргі таңда жарақат бөлімінде нейрохирург дәрігердің бақылауында". 

Ақ желеңділер баланың жағдайын орташа ауыр деп бағалауда. Баланың өміріне ешбір қауіп төніп тұрған жоқ.


Жаңалықтар
0