АСТАНА, 2 шілде — Sputnik. Маңғыстау облысында ауа райы 40 градус ыстық.
Өткен жексенбіде Ақтауда сынап бағанасы плюс 40 градусқа дейін көтерілді. Аққұдық ауылында ауа температурасы 46 градусқа дейін жетсе, Қызан және Жаңаөзенде 45 градус болды.
Маңғыстау облысы бойынша "Қазгидромет" мамандарды айтқандай, аптап әлі екі күн бойы қайтпайтын көрінеді. Синоптиктер ауа температурасы 46 градусқа дейін көтеріледі, деп болжайды.
Бұдан бұрын хабарланғандай, еліміздің батысында шілде айының алғашқы жартысында күн қапырық ыстық болады. Ал екінші он күндіктің басында солтүстік өңірлерден келетін белсенді циклонның әсерінен ауа райы жаңбырлы болып, температура нормадан төмендейді.