Әлем

Полиция бизнесменнің пәтерінен 11 адамның денесін тапты

Көз жұмғандардың бәрі – бір отбасының мүшелері
Sputnik
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында жексенбі күні пәтерден 11 адамның мәйіті табылды. БАҚ-тың хабарлауынша, қаза тапқандардың бәрі – бір отбасының мүшелері. 
Шымкентте бүтіндей бір отбасын аяусыз өлтірген жігітке сот үкімі шықты
Полициядағы дереккөздің мәліметінше, үй дүкені мен сүт цехы бар бизнесменге тиесілі болған. Жергілікті уақытпен сағат 8.00-де кәсіпкердің көршісі есігі ашық тұрған пәтерге кіріп, отбасы мүшелерінің, соның ішінде бизнесменнің денесін көреді. Ол бірден полицияға хабар берген, деп жазады РИА Новости. 
"Көршінің айтуынша, әдетте бұл пәтердің есігі жабық тұрады. Бірақ жексенбі күні ашық болған. Біз мұның суицид пе, жоқ әлде кісі қолынан қаза тапты ма, анықтайтын боламыз", — деді полициядағы дереккөз. 
Оның айтуынша, қаза тапқандардың арасында – төрт ер адам, үш әйел және төрт қыз бар. 
Марқұмдардың үйінен ешқандай хат табылмаған.