Әлем

Полиция бизнесменнің пәтерінен 11 адамның денесін тапты

© Sputnik / Георгий Зимарев / Медиабанкке өтуТравматикалық тапанша, архивтегі фото
Травматикалық тапанша, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көз жұмғандардың бәрі – бір отбасының мүшелері
АСТАНА, 1 шілде – Sputnik. Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында жексенбі күні пәтерден 11 адамның мәйіті табылды. БАҚ-тың хабарлауынша, қаза тапқандардың бәрі – бір отбасының мүшелері. 
Сотталушы - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкентте бүтіндей бір отбасын аяусыз өлтірген жігітке сот үкімі шықты
Полициядағы дереккөздің мәліметінше, үй дүкені мен сүт цехы бар бизнесменге тиесілі болған. Жергілікті уақытпен сағат 8.00-де кәсіпкердің көршісі есігі ашық тұрған пәтерге кіріп, отбасы мүшелерінің, соның ішінде бизнесменнің денесін көреді. Ол бірден полицияға хабар берген, деп жазады РИА Новости. 
"Көршінің айтуынша, әдетте бұл пәтердің есігі жабық тұрады. Бірақ жексенбі күні ашық болған. Біз мұның суицид пе, жоқ әлде кісі қолынан қаза тапты ма, анықтайтын боламыз", — деді полициядағы дереккөз. 
Оның айтуынша, қаза тапқандардың арасында – төрт ер адам, үш әйел және төрт қыз бар. 
Марқұмдардың үйінен ешқандай хат табылмаған.

Жаңалықтар
0