АСТАНА, 1 шілде — Sputnik. Орта салмақтағы WBA Super, WBC және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қандай талабына көнуге дайын екенін айтты, деп хабарлады Sports.kz.
"Канело" рингке соңында шыға алады. Сондай-ақ оны соңынан таныстыруы мүмкін. Алайда рингтен кім соңғы болып кететіні ғана маңызды, ол мен боламын!", – деп мәлімдеді Головкин.
Айта кетейік, 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен олардың алғашқы жекпе-жегінде де Головкин әлем чемпионы болғанына қарамастан "Канело"рингке соңында шыққан еді. Алғашқы кездесу тең аяқталды.
Головкин-Альварес рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста сағат 17:00-де (Астана уақытымен 16 қыркүйек, таңғы 06:00) басталады.