Өңірлер

Әйелді байлап, қару кезеген: Түркістан облысы тұрғынының үйіне қарақшылық шабуыл жасалды

Қарақшылардың бірі ғана ұсталып, жауапқа тартылды, қалғандары әлі іздеуде
Sputnik

АСТАНА, 30 маусым — Sputnik. Түркістан облысы тұрғынының үйіне қарақшылық жасаған ер адамға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Sputnik өңірлік ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Ақша айырбастау пунктіне жасалған қарақшылық шабуыл видеоға түсіп қалды

Қарақшылық шабуыл былтыр тамызда болған. Полицейлер анықтағандай, үйге белгісіз біреулер басып кіріп, үй иесі мен туыстарын байлап, қарумен қорқытқан. Сосын сейфтегі ақша мен басқа да құнды заттарды алып кетеді. Келтірілген зиянның жалпы сомасы алты миллион теңге.

Күдіктілердің бірі ұсталып, 12 жылға сотталды. Қалғандары әлі іздеуде.

ОҚО-да көлікті егесімен бірге өртеп жіберген қаскүнем сотталды>>