АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Golden Boy Promotions компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші кездесуіне қатысты келіссөздерге тоқталып, жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды prosports.kz.
"Жекпе-жек бойынша келісім жасау қиынға соқты. Келіссөздер өте күрделі болған. Екі тараптың көңілінен шығу үшін уақыт қажет еді. Біз оған қол жеткізіп, жекпе-жекті өткізетін болдық. GGG "Канело" туралы біраз сөз айтқаннан кейін, Саульдің боксқа деген ынтасы артты. Ол бұрынғыдан да қатты жаттықпақшы. Жекпе-жек оңай болмайды, бірақ біз "Канелоға" 100% сенеміз. Қыркүйекте екі қарсылас та бір-бірін нокаутқа түсіру мақсатында шығады. "Канело" Головкинді нокаутпен жеңетініне сенімдімін", — деді Оскар ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
"Канело" — GGG қарымта жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena рингінде өтеді.