АСТАНА, 13 маусым — Sputnik. Мексикалық боксшы Саул "Канело" Альварес тізесіне жасалған отадан кейін бапкері Эдди Рейносоның қарамағында жаттығуды қайта бастады, деп хабарлады Prosports.kz.
Еске сала кетейік, өткен жылдың сәуір айында Альварестен екі допингтік сынамасынан кленбутерол табылуына байланысты 5 мамырға жоспарланған Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жегі болмады.
Мексикалық тарап Геннадийге мәміленің соңғы шарттарын ұсынды: GGG табыстың 42,5%-ын, "Канело" 57,5%-ын алады.
Промоутерлер өзара ортақ шешімге келсе, Канело-GGG жекпе-жегі 15 қыркүйекте өтеді.
Егер Головкин оған ұсынылған шарттарға келіспесе, Саулдың қарсыласы Даниэл Джейкобс болуы мүмкін.