Саясат

Өмір бойғы мәртебе: Назарбаев Конституциялық кеңеске өтініш білдірді

Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық ету құқығын беретін заң Конституцияға сәйкес деп танылды
Sputnik

АСТАНА, 28 маусым — Sputnik. Конституциялық кеңес  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы", сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің қызметіне түзетулер енгізуге қатысты заңдар республика Конституциясына сәйкестігін анықтау жөніндегі өтінішін қарады.  

"Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі (…) оларды Республика Конституциясына сәйкес келеді деп тапты", — деп жазылған  Конституциялық кеңестің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

"Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" заң биылғы жылдың көктемінде парламентте қабылданды. Заң нормаларына сәйкес Назарбаев – елдің тұңғыш президенті Қауіпсіздік кеңесіне өмір бойы төрағалық ету құқығына ие болады.    

Назарбаев жарлыққа қол қойды: Қазақстанда жаңа облыс құрылды>>