Әлем

Қытайда 10 адамға үкім шыққаннан кейін бірден өлім жазасы орындалды

Сот олардың барлығын есірткі қылмысына кінәлі деп тапты
Sputnik

АСТАНА, 27 маусым — Sputnik. Қытайда Гуандун провинциясының Шаньвэй қалалық соты 10 адамды өлім жазасына кесті, үкім сол күні жүзеге асырылды, деп хабарлады РИА Новости.

Өмір бойына сотталған Челах пен Күлекбаев жазасын қалай өтеп жатыр?

Олардың барлығына есірткіні өндірді, сатты және тасымалдады деген айып тағылды.  

"Сот шешімі жарияланғаннан кейін үкімді орындау үшін қарауыл жасағы сотталушыларды жазалау орнына жеткізді", — деп мәлімдеді сот.  

Қытайда өлім жазасы Қылмыстық кодекстің ондаған бабы бойынша қарастырылған, олардың басым көпшілігі есірткінің заңсыз айналымымен байланысты.