Оқиға

Алматыда жүргізуші мен жолаушының ажалы ағаштан болды

Қатты соққыдан жүргізуші есінен танып қалған, көлік бар жылдамдықпен талға соғылған
Sputnik

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Алматыда Құлжа тас жолында ірі жол апаты болды. 

Дубайда қазақстандық қыз жол апатынан қаза тапты

Куәгерлердің айтуынша, Nissan Primera автокөлігі Құлжа тас жолында қалаға қарай келе жатқан. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан ағаш көлікке құлаған. Соққыдан көліктің шатыры жапырылып, жүргізуші ес-түзсіз қалған. Осыдан кейін Nissan тағы 200-250 метр жүріп, бар жылдамдықпен талға соғылған.  

Оқиға орнына төтенше жағдай қызметі шақырылды, құтқарушылар қаза тапқандардың мәйітін шығару үшін көлікті кесуге мәжбүр болды.  

Жол апаты салдарынан екі адам – 52 жастағы жүргізуші мен 25 жастағы жолаушы көз жұмды. Екеуі де жедел жәрдем келгенше жан тапсырған.

Астанадағы жарыс кезінде көлік велошабандоздарды қағып кетті – видео>>  

Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.  

1 / 3
Екі адамның өлімінен құлаған ағаш себеп болды
2 / 3
Екі адамның өлімінен құлаған ағаш себеп болды
3 / 3
Екі адамның өлімінен құлаған ағаш себеп болды