АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Алматыда Құлжа тас жолында ірі жол апаты болды.
Куәгерлердің айтуынша, Nissan Primera автокөлігі Құлжа тас жолында қалаға қарай келе жатқан. Ауа райының қолайсыздығы салдарынан ағаш көлікке құлаған. Соққыдан көліктің шатыры жапырылып, жүргізуші ес-түзсіз қалған. Осыдан кейін Nissan тағы 200-250 метр жүріп, бар жылдамдықпен талға соғылған.
Оқиға орнына төтенше жағдай қызметі шақырылды, құтқарушылар қаза тапқандардың мәйітін шығару үшін көлікті кесуге мәжбүр болды.
Жол апаты салдарынан екі адам – 52 жастағы жүргізуші мен 25 жастағы жолаушы көз жұмды. Екеуі де жедел жәрдем келгенше жан тапсырған.
Астанадағы жарыс кезінде көлік велошабандоздарды қағып кетті – видео>>
Мән-жайды анықтау үшін оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.