Қоғам

Президент сыйақысы: тілшілер қанша миллион алады?

Ақордада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттау салтанаты өтті
Sputnik

АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыйақысының БАҚ саласындағы лауреаттары 4 миллион 215 мың теңгеден алады, бұл туралы тілшілерді марапаттау салтанаты барысында белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі Ақордадан.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, ақшалай сыйақының жалпы қоры биыл 14 миллион 430 мың теңгені құраған.

Тілшілерді марапаттау салтанаты

Сыйақы лауреаттары 4 миллион 215 мың теңгеден алады. Грант иегерлері – 3 миллион теңгеден", — деді Әбдіхалықова.

Илон Маск БАҚ-тың "шыншылдығын" анықтайтын сайт жасамақшы
Ол атап өткендей, соңғы жылдары БАҚ саласында бәсекелестік артып келеді. Сондықтан нағыз тілші қазіргі ахуалдан толығымен хабардар болып, қоғамның өзекті проблемаларын белсенді түрде ортаға салуға міндетті.

"Сіздерден біліктіліктің жоғары деңгейі талап етіледі, өйткені мемлекеттік саясаттың объективті қабылдануына тікелей ықпал етеді", — дейді мемлекеттік хатшы.

Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат саласында сыйақымен марапаттау, грант беру және алғыс жариялау туралы жарлыққа қол қойған еді.

Қазақстанда байланыс және ақпарат қызметкерінің күні 28 маусымда тойланады.

Журналистерге үй беріле ме? Министр Абаевтың жауабы>>

Депутат журналистика бойынша гранттарды көбейтуді ұсынды>>