АСТАНА, 26 маусым — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыйақысының БАҚ саласындағы лауреаттары 4 миллион 215 мың теңгеден алады, бұл туралы тілшілерді марапаттау салтанаты барысында белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik тілшісі Ақордадан.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, ақшалай сыйақының жалпы қоры биыл 14 миллион 430 мың теңгені құраған.
Сыйақы лауреаттары 4 миллион 215 мың теңгеден алады. Грант иегерлері – 3 миллион теңгеден", — деді Әбдіхалықова.
"Сіздерден біліктіліктің жоғары деңгейі талап етіледі, өйткені мемлекеттік саясаттың объективті қабылдануына тікелей ықпал етеді", — дейді мемлекеттік хатшы.
Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев бұқаралық ақпарат саласында сыйақымен марапаттау, грант беру және алғыс жариялау туралы жарлыққа қол қойған еді.
Қазақстанда байланыс және ақпарат қызметкерінің күні 28 маусымда тойланады.