Өңірлер

Түркістандағы жантүршігерлік жол апаты: 9 адам зардап шегіп, үшеуі қаза тапты

Сарыағаш-Шымкент тас жолында "Мазда" мен "Sang Yong Istana" микроавтобусы соқтығысқан
Sputnik

АСТАНА, 25 маусым – Sputnik. Түркістан облысы Төле би ауданы аумағында жол апаты болып, салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Түркістан облысы ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Жантүршігерлік апаттан 4 түлек көз жұмды, арасында топ-менеджердің қызы бар

Белгілі болғандай, Алматы-Ташкент-Термез тас жолында "Мазда" мен "Ssang yong" көлігі соқтығысқан. 

Апат салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты. Олар: "Мазда" жүргізушісі мен екі әйел, оның біреуі – Өзбекстан азаматы. Сондай-ақ, 9 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түскен, оның алтауы – Өзбекстан азаматы. 

Аталған фактіге қатысты "жол жүрісі қағидаларын бұзу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сараптама белгіленді.

Сот 52 жолаушысы өртеніп кеткен автобус жүргізушілеріне қатысты қаулы шығарды>>