Әлем

Түркиядағы президент сайлауында кім жеңгені белгілі болды

Президент сайлауында қазіргі мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған сайлаушылардың 52,5 процент даусын жинады
Sputnik

АСТАНА, 25 маусым — Sputnik. Түркияның қазіргі басшысы Режеп Тайып Ердоған президент сайлауында сайлаушылардың 52,5 процент дауысын жинады. Бұл туралы елдің Жоғары сйлау кеңесінің басшысы Сади Гювен хабарлады. 

Назарбаев Түркия президентімен телефон арқылы сөйлесті

"Біздің жүйеде қазіргі таңда 97,7% бюллетень саналды. Президент Ердоған басым көпшілік дауысты алды. Әділет және даму партиясы, Ұлттық қозғалыс партиясы,  Халықтық республикалық партия, Жақсы партиясы, Халықтар демократиясы партиясы парламентке өтуге қажетті он процент дауысты жинады", — деп РИА Новости Гювеннің журналистерге берген сұхбатынан үзінді келтірді. 

Ердоғанның сенімді жеңісі

Ердоған мемлекет басшысы сайлауында бюллетендердің 98%-ы саналғаннан кейін 52,5% дауысты иеленіп, жеңіске жетті. Оның басты қарсыласы Индже 30,7%, Демирташ — 8,4%, Акшенер — 7,3%, Карамоллаоглу — 0,9%, Перинчек — 0,2% дауыс алған.

Режеп Тайып Ердоған алдын ала нәтижелер жарияланғаннан кейін өз жақтастарының митингісінде сөз сөйлеп, сайлауға келіп, өз міндетін орындаған әрбір азаматқа алғысын білдірді.  

Ол таяу уақытта үкіметте кадрлық ауыс-түйіс жасауға уәде берді.

"Біз күн-түн демей жұмыс істейміз, барлық міндеттемені орындап, бүкіл әлемге үлгі боламыз", — деді Ердоған.

Қазақстандағы сайлау туралы заңға түзетулер енгізілмек

Билік партиясы оппозициядан көп дауыс жинады  

Биліктің Әділет және даму партиясы бюллетендердің 98%-ы саналғаннан кейін 42,4% дауыс алды,  Ұлттық қозғалыс партиясы 11,1% иеленген. Осылайша, оларды біріктіретін Халықтық одақ парламенттегі басым орынды  (293 + 49 орын) алып отыр. 

Сайлаушылар негізгі оппозициялық Халықтар демократиясы партиясына 22,7% (191-орын), Жақсы партиясына 10,0%, Бақыт партиясына 1,4%, ал оларды біріктіретін Ұлттық альянсқа 34,1% дауыс берді. Парламентке сондай-ақ Халықтар демократиясы партиясы 11,5% дауыспен өтті.