Оқиға

Ақтөбеде ҰБТ қарсаңында "Алтын белгі" иегері мектеп түлегін өлтірді

Қазіргі уақытта қайғылы оқиғаның анық-қанығы белгісіз
Sputnik

АҚТӨБЕ, 23 маусым — Sputnik. Ақтөбеде жасөспірімдердің арасында болған төбелес бірінің өлімімен аяқталды. Өткен жексенбі №19 мектептің түлегі пышақ жарақатынан көз жұмды.

Анасының сөзіне өкпелеген бозбала оның көзінше өзін өлтірді

Ұлттық бірыңғай тестілеуге бірнеше күн қалғанда оқушылар Ақтөбе-Ордабасы ойынына барған. Достарының айтуынша, трагедия күні қаза тапқан бала мен күдікті орталық стадионда болған. 

Алдын ала мәліметтер бойынша оқушылар бір-бірімен таныс емес. 

Түн жарымда жатақхананың артында бейнебақылау камералары жоқ жерде ер балалардың арасында төбелес шыққан. "Ақтөбе таймстың" хабарлауынша, 17 жастағы мектеп түлегі бірнеше жерден, оның ішінде тамағынан пышақталған. 

Семейде ер адам бес жасар қызды мазасын алғаны үшін айуандықпен өлтірген>>

Зардап шеккен оқушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Келесі күні оның көз жұмғаны белгілі болды. 

Бұл қылмысқа күдікті ретінде физика-математика мектебінің түлегі, "Алтын белгі" иегері танылып отыр. 

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі (Кәмелеттік жасқа толмаған адамды өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу қозғалғанын хабарлады. 

Достарының айтуынша, қаза тапқан бала әрқашан көмек қолын созуға дайын тұрған. Футболмен әуестенген, мектепте жақсы оқыған.  

Жоғалып кеткен 7 жасар қыз тоңазытқыштың ішінен өлі табылды>>

Шымкентте 16 жастағы жасөспірім өзіне көмектескен баланы зорлаған>>

Қостанайда әйелдер жасөспірім балалармен төбелесті>>