АСТАНА, 23 маусым — Sputnik. Калинград облысында "Аяз ата" бес жылға сотталуы мүмкін. Жаңа жыл түнінде жасөспірімнің жағын сындырған 26 жастағы жігіт жазаға тартылмақ.
Жаңа жылдық ертеңгіліктердің қаһарманын жасөспірімнің өлең оқудан бас тартқаны ашуландырған. Ол қолындағы таяғымен баланың бетінен бір ұрып, жағын сындырды.
Қазіргі уақытта "Аяз атаның" тағдырын сот шешіп жатыр.
Өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, "Аяз ата" бұған дейін сотталған.
Енді ол бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.