АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Астанада жүргізушілер көлікті тұраққа қоярда мұқият болғаны жөн, деп хабарлайды елорда полициясы.
Елордалық жүргізушілер көлікті тұраққа қою ережелерін ескермей, жаяу жүргіншілер тротуарын жауып тастайтыны жиі кездеседі. Бұл жайт қолайсыздықтан бөлек, велосипедшінің құлап, жарақат алуына әкеп соғуы мүмкін.
Веложолды жауып тастаған жүргізушіге 12 мың теңге айыппұл салынады.
"Бұл жағдайда жүргізуші көлікті тоқтату және тұраққа қою ережесін бұзады. Ол үшін ҚР ӘҚБК 597-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК айыппұл (12 мың 025 теңге) салынады", — деп мәлімет берді Астана ішкі істер департаменті өкілі Sputnik тілшісіне.
Атап өтсек, биыл Астанада 47 километр веложол салынып жатыр.