Қоғам

Веложолдарды жауып тастаған жүргізушілерге жаза қандай?

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуВелосипедшілер
Велосипедшілер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада веложолдардың салынуына байланысты жүргізушілер үшін тағы бір ереже пайда болды

АСТАНА, 19 маусым — Sputnik. Астанада жүргізушілер көлікті тұраққа қоярда мұқият болғаны жөн, деп хабарлайды елорда полициясы.

Елордалық жүргізушілер көлікті тұраққа қою ережелерін ескермей, жаяу жүргіншілер тротуарын жауып тастайтыны жиі кездеседі. Бұл жайт қолайсыздықтан бөлек, велосипедшінің құлап, жарақат алуына әкеп соғуы мүмкін.

© Sputnik / Ксения ВоронинаАстанада көлік веложолды жауып тастады
Астанада көлік веложолды жауып тастады - Sputnik Қазақстан
1/2
Астанада көлік веложолды жауып тастады
© Sputnik / Ксения ВоронинаАстанада көлік веложолды жауып тастады
Астанада көлік веложолды жауып тастады - Sputnik Қазақстан
2/2
Астанада көлік веложолды жауып тастады
1/2
Астанада көлік веложолды жауып тастады
2/2
Астанада көлік веложолды жауып тастады

Веложолды жауып тастаған жүргізушіге 12 мың теңге айыппұл салынады.

"Бұл жағдайда жүргізуші көлікті тоқтату және тұраққа қою ережесін бұзады. Ол үшін ҚР ӘҚБК 597-бабы 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5 АЕК айыппұл (12 мың 025 теңге) салынады", — деп мәлімет берді Астана ішкі істер департаменті өкілі Sputnik тілшісіне.

Атап өтсек, биыл Астанада 47 километр веложол салынып жатыр.

Жаңалықтар
0