АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті Астанада менингококк инфекциясынан ешкім қаза таппағанын мәлімдеді.
Комитеттің мәліметінше, 2018 жылдың басынан бері Астанада 6 адам менингит жұқтырғаны зертханада дәлелденген. Науқастардың екеуі – бала.
Қазіргі таңда науқастардың бесеуі ауруханадан шығарылған. Бір бала стационарда емін жалғастырып жатыр.
Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері 61 адам менингококк инфекциясын жұқтырғаны расталған. 12 адам, атап айтқанда, Алматыда – алты, Алматы облысында – үш, Оңтүстік Қазақстанда – екі және Қызылорда облысында бір адам көз жұмды.
Қазіргі таңда стационарда 40 адам ем қабылдап жатыр.