Қоғам

Министрлік Астанада қанша адам менингитпен ауырып жатқанын мәлімдеді

© Sputnik / Николай Хижняк / Медиабанкке өтуМедбике, архивтегі фото
Медбике, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада жыл басынан бері 6 адам менингит жұқтырғаны расталған

АЛМАТЫ, 16 маусым – Sputnik. Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулықты сақтау комитеті Астанада менингококк инфекциясынан ешкім қаза таппағанын мәлімдеді.

Бетперде киген балалар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министрлік түлектерді ҰБТ кезінде менингиттен қалай қорғайды?

Комитеттің мәліметінше, 2018 жылдың басынан бері Астанада 6 адам менингит жұқтырғаны зертханада дәлелденген. Науқастардың екеуі – бала.  

Қазіргі таңда науқастардың бесеуі ауруханадан шығарылған. Бір бала стационарда емін жалғастырып жатыр.  

Қазақстанда 2018 жылдың басынан бері  61 адам менингококк инфекциясын жұқтырғаны расталған. 12 адам, атап айтқанда, Алматыда – алты, Алматы облысында – үш, Оңтүстік Қазақстанда – екі және Қызылорда облысында бір адам  көз жұмды. 

Қазіргі таңда стационарда 40 адам ем қабылдап жатыр.  


Жаңалықтар
0