Оқиға

Астана – Павлодар автобаны құрылысында КамАЗ өртеніп кетті

35 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді, оның денесінің 40 пайызын күйік шалған
Sputnik

АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Павлодар облысында Екібастұз ауылдық аймағындағы автожолдың 105 шақырымында битум тасымалдаған КамАЗ жүк көлігінің кабинасын өрт шалды, деп хабарлады pavlodarnews.kz. 

Автокөлік салонында қараусыз қалған бала тірідей өртеніп кетті

Павлодар облыстық денсаулық сақту басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, 35 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген.

"Оның денесінің 40 пайызын күйік шалған. Қазір ер адам жансақтау бөлімінде жатыр", — деді Эльмира Темірғалиева.  

Өңірлік ТЖД-ның ақпаратына сүйенсек, төтенше жағдай Астана – Павлодар автобанының құрылыс учаскесінде болған. Қызыл жалын сегіз шаршы метрді шарпыған. 

"Тілсіз жауды ауыздықтауға бір автоцистерна мен мемлекеттік өрт сөндіру қызметінің жеке құрамынан төрт адам жұмылдырылды", — деді ведомство қызметкері Марал Сағынаева. 

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталып жатыр.