Әлем

Автокөлік салонында қараусыз қалған бала тірідей өртеніп кетті

© Photo : pixabay.comЖанып жатқан көлік, архивтегі сурет
Жанып жатқан көлік, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоғыз жастағы баланы әкесі автокөлік салонына қалдырып, өрік теруге кеткен уақытта өрт шыққан

АСТАНА, 14 маусым — Sputnik. Өзбекстанның Ферғана облысы Бешарык ауданында тоғыз жастағы бала "ВАЗ-2102" автокөлігінде тірідей өртеніп кетті. Құқыққорғау органының нұсқасы бойынша, бала жанармай құйылған бес литрлік канистрді күкіртпен өртеп жіберген, деп хабарлады centralasian.org. 

Өрт сөндіруші, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда моншаға түсіп жатқан әйел балаларымен бірге тірідей жанып кетті

Оқиға 11 маусымда кешке Ферғана облысына қарасты "Бекабад" ауылында болған.

Облыстық ішкі істер басқармасы қызметкерінің хабарлауынша, әкесі тоғыз жастағы баласын автокөлік салонына қалдырып, өзі өрік теруге кеткен уақытта өрт шыққан.

"ВАЗ-2102" автокөлігінің салонындағы бала жанармай құйылған бес литрлік канистрді күкіртпен өртеген. Бала оқиға орнында қаза болды. Тергеуді прокуратура жүргізіп жатыр", — деді ішкі істер басқармасының қызметкері.

Оқиға куәгерлерінің бірінің айтуынша, халық өрт сөндірушілер келгенше автокөліктегі өртті сөндірген, бірақ баланы аман сақтап қала алмаған. 

"Көліктің есігі жабық болды, әйтпесе баланы құтқарып қалуға болатын еді", — деді жергілікті тұрғындардың бірі.


Жаңалықтар
0