АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. Қазақстандық зейнеткерлер базалық зейнетақы көлемін үйінен шықпай біле алады, деп хабарлады "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ.
Базалық зейнетақы көлемі туралы анықтаманы eGov.kz порталынан бірнеше әдіспен алуға болады:
- Электронды цифрлық қолтаңбасыз, ЖСН нөмірімен тіркелу арқылы;
- SMS-пароль арқылы;
- Электронды цифрлық қолтаңба арқылы.
"Қызмет көрсету eGov.kz порталының басты бетінде орналасқан. Зейнеткер жаңа базалық зейнетақысының көлемі жайында анықтама ала алады", — делінген хабарламада.
eGov.kz порталында басқа да қызметтер алуға болады: "БЖЗҚ салымшысының зейнетақы жинағы туралы мәлімет беру" және "Зейнетақы аударымдары туралы мәлімет алу".