АҚТАУ, 16 маусым – Sputnik. Ақтауда электр желісі бағанасы көлікке құлап, іштегі адам ауыр жарақат алды.
Оқыс оқиға кезінде көлікте адам болған. 1972 жылы туған зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды "Лада" өңірлік басылымы.
"Зардап шегуші ауыр хәлде жансақтау бөліміне берілді. Ер адам бас сүйек-ми және кеуде жарақатын алды. Ес-түссіз жатыр, медикаментоздық ұйқыға жатқызылды", — деп мәлімет берді жедел жәрдем бөлімінің меңгерушісі Ғалым Жұмағалиев.
Оқыс оқиғаның қалай болғаны белгісіз.
Ақтау электр желілері басқармасы мәлімдегендей, бағананың құлағаны туралы полицейлерден біліпті.