Саясат

Назарбаев парламентке үндеу жолдады

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутаттар президенттің 40 офицерді БҰҰ миссиясына жіберу туралы ұсынысын қолдады
Sputnik

АСТАНА, 15 маусым – Sputnik. Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақов президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің БҰҰ миссияларына қатысу үшін жіберілуі туралы ұсыныстарын жария етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Назарбаев Қытайдағы ШЫҰ саммитінде сөз сөйледі

"Парламенттің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы №15 қаулысына сәйкес, Қарулы күштер офицерлерін бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау жөнінде жартылай міндеттерін орындау үшін БҰҰ бітімгершілік миссияларына әскери байқаушылар ретінде жіберу жүзеге асырылады. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның 11 офицері он екі ай бойы Батыс Сахарада және Кот-д’Ивуарда БҰҰ миссияларына қатысты. Парламент мақұлдаған Гаити мен Либериядағы басқа екі миссияға жіберу контингент ауқымының қысқаруына және БҰҰ сұрауының болмауына байланысты жүргізілмеді. Кот-д’Ивуардағы жағдайдың тұрақталуына байланысты осы елдегі БҰҰ миссияларына әскери байқаушылар одан әрі жіберілмейді", — делінген президенттің үндеуінде. 

Елбасының ұсынысында айтылғандай, қазіргі уақытта Батыс Сахарада БҰҰ миссиясында Қазақстанның 5 әскери қызметшісі қызмет атқаруда.  Көптеген қазақстандық офицер бітімгершілікке қосқан үлесі үшін медальдармен марапатталды, сондай-ақ Батыс Сахарада БҰҰ миссиясының басшылық лауазымдарына тағайындалған. БҰҰ басшылығы әскери қызметшілердің даярлық деңгейіне жоғары баға берді және олардың санын арттыруға мүдделілік танытуда. 

ҚР СІМ: ондаған қазақстандық Ирактағы әскери қақтығыс аумағынан шығарылды

"Осыған байланысты бітімгершілік қызметке қатысуды кеңейту мақсатында әскери байқаушылар мен штабтық офицерлер ретінде ҚР Қарулы күштерінің офицерлерінің БҰҰ миссияларына қатысу географиясын кеңейту ұсынылады. Бұл БҰҰ-ның бітімгершілік операциясын жүргізу аумағындағы қауіпсіздік пен ағымдағы ахуал туралы ауқымды ақпарат алуға және осы ақпаратты контингент құрамында миссияға одан ары қатысу жөніндегі ұстанымды пысықтау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Одан басқа миссияда болу нәтижесінде алынған халықаралық стандарттар жөніндегі тәжірибе мен жұмыс дағдылары Қарулы Күштердің еліміздегі оқу-жаттығу талаптары өткізетін оқу, білім беру процесінде қолданылады. Командалық және штабтық лауызымдарға тағайындау кезінде ескеріледі. Осы контексте Қорғаныс миинстрлігі Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, қауіпсіздік саласындағы әскери-саяси ынтымақтастығы, саяси ынтымақтастығы және Қазақстанның басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарын ескере отырып, басымдық берілген бітімгершілік миссияларының тізімін әзірледі. БҰҰ миссияларындағы Қазақстан әскери байқаушылары мен штабтық офицерлерінің санын арттыру халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға елеулі үлес қосумен қатар Қазақстанның беделін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметі аясында халықаралық қауіпсіздіктің жауапты мүшесі ретінде нығайта түседі. Көрсетілген міндеттерді шешу үшін ҚР Конституциясының 53-бабына сәйкес әскери байқаушылар мен штабтық офицерлер ретінде БҰҰ миссияларына Қарулы күштердің офицерлерін 40 адамға дейін жіберу туралы ұсыныс енгіземін", — делінген Елбасының үндеуінде.

Сондай-ақ, Назарбаев ҚР Конституциясы 53-бабына сәйкес ҚР Қарулы күштерінің бітімгершілік конингентін – 120 әскери қызметшіге дейін Үндістан Қарулы күштерінің бөлімшесі құрамында Ливандағы "БҰҰ-ның уақытша күштері" миссиясына жіберу туралы ұсыныс енгізді.  
Қос палата депутаттары аталған мәселе бойынша қаулы қабылдады.