Қоғам

ҚР СІМ: ондаған қазақстандық Ирактағы әскери қақтығыс аумағынан шығарылды

© AFP 2024 / Ahmad Al-RubayeИрактағы Тель-Афар қаласын босату кезіндегі әскерилер
Ирактағы Тель-Афар қаласын босату кезіндегі әскерилер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық дипломаттар оларды эвакуациялау мәселесімен айналысып жатыр

АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. 10 астам Қазақстан азаматтары Ирактағы әскери қақтығыс әрекеттері аумағынан шығарылды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов.

 

Өзінің Facebook парақшасында Жайнақов: "Біз, Ирактағы әскери әрекеттер аумағынан Қазақстанның 14 азаматының шығарылғаны туралы ақпарат алдық. Олардың қатарында бір ер, үш әйел адам және он бала бар ", — деп жазды. Қазіргі уақытта қазақстандықтар Иракта, оларды эвакуациялау әрекеттері дайындалуда. Бұл мәселе бойынша ҚР Иордания елшілігіндегі қазақстандық дипломаттар айналысып жатыр. 

Рамзан Қадыров - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Рамзан Қадыров Иракта алты қазақстандықтың құтқарылғанын хабарлады

Бұдан бұрын Шешенстанның басшысы Рамзан Қадыров, гуманитарлық операция  аясында Ирактың Тель-Афар қаласынан алты қазақстандық қауіпсіз жерге орналастырылғаны туралы хабарлады. Шешенстан басшысы, құтқару операциясы барысында Ирактық Күрдістанның арнайы қызметтері мен құқық қорғау органдары қатысқанын атап өткен болатын. Сондай-ақ, Эрбильдегі РФ бас консулдығының қызметкерлері де үлкен қолдау көрсетті. 

 

Жаңалықтар
0