АЛМАТЫ, 14 маусым — Sputnik. Алматыда Райымбек даңғылында Өтеген батыр көшесіне жетпей жол апаты болды, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik агенттігіне.
Оқиға куәгерлері мен жүргізушілердің сөзіне сүйенсек, Subaru Forester мен Skoda Octavia кептелісте тұрған. Сол кезде автобус жолағымен екі микроавтобус буксирмен келе жатады, соңдарынан Mercedes жолаушылар микроавтобусы ілескен. Mercedes жүргізушісі буксирмен келе жатқан көліктерді озбақ болып, ортаңғы жолаққа ауысқанда Skoda көлігіне соғылған, ал ол өз кезегінде Subaru Forester көлігін қағып кетіпті.
Жол апатында №345 бағдарлы микроавтобустың үш жолаушысы зардап шегіп, ауруханаға түсті. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.